Тараздағы NIS оқушыларының стартап жобасы 1000$ ұтып алды

0 1

Тараздағы NIS оқушыларының UnApp Space стартап командасы жыл сайынғы Techstars StartUp Weekend конкурсында жеңіске жетіп, жобаны дамытуға 1000$ көлемінде грант алды. Дамытылған жоба наурыздың соңында Орталық Азия кезеңінде ел намысын қорғайтын болады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Байқауды Қазақстанның ең ірі стартап инкубаторларының бірі – MOST ұйымдастырды.

– Байқаудың екі күнінде біз өз өнімімізді жетілдіру мақсатында тынымсыз жұмыс жасадық. Бүгінгі жеңісіміз – қазақстандық нарықта ірі EdTech компаниясын құру жолындағы тағы бір қадам болып отыр, – дейді жоба қатысушысы және 12 сынып оқушысы Саяжан Оңласын.

UnApp Space – бұл автоматтандырылған режимде шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындалуға арналған платформа.

Қазіргі уақытта жас кәсіпкерлер Назарбаев Университеті жанындағы стартап инкубацияның екінші кезеңінен өтіп, өз өнімдерін түлектер арасында танымал етуге тырысуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.