Шу ауданы, Шу қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтетін «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» ашық алаңы жалғасын тапты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Іс шара Жамбыл облысы аумағындағы этностардың арасында қазақ тілін меңгергендердің санын арттыру, жастардың қазақ тілін үйренуге деген ынтасын арттыру, елдегі тіл саясатын нығайтуға және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Жиынға мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері, этномәдени бірлестіктер, жастар, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
«Менің қазақ тіліне жету жолым», «Қазақ тілін қалай үйрендім?», «Мемлекеттік тіл — әлеуметтік баспалдақ» тақырыбында «Ахыска» түріктер этномәдени орталығының жетешісі Бинали Тагиров, «Насими» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі – Гульханум Мухамеджановалар мемлекеттік тілдің дәрежесін көтеру мақсатында, этнос жастарының қызығушылығын танытып, үлгі ретінде өз ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында жұрт назарына өзге ұлттардың ұлттық тағамдары қойылды.
Шара соңы этномәдени орталықтардың концерттік бағдарламасымен аяқталды.