Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасағандар қатаң жазаланады

0 32

Кәмелетке толмағандарға сексуалды сипатта зорлық көрсететіндерге қарсы қылмыстардың шеңбері кеңейтілді. Бұл Қылмыстық кодекстің 3-бабының 42-тармағына сәйкес жүргізіледі. Яғни, оларға ҚК-нің-134 бабы кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту; — 144 бабы кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға тарту; — 312 бабының 2,3 бөліктері кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық шараларына қатыстырғандар қатаң жазаланады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы Қанат Дүмшебаев айтты, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Спикердің айтуынша, бұл бастама 2020 жылдың 31 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процесстік кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген» жаңа заңнан кейін қабылданған. Заңның ережелері екі тапсырманы іске асыруға бағытталған. Оның біріншісі — өкілеттіктерді нақты ажырата отырып, қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу. Екінші бағыт — сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру.

Баптардың санкцияларында кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер болған жағдайда жауапты мұғалімдер де жазаланады. Олар ҚР ҚК-нің 50-бабы енгізілгеніне байланысты педагогикалық лауазымдарды атқару немесе кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылады. Жалпы алғанда кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар ҚР ҚК-нің 120, 121, 122, 123, 124, 134, 144, 312-баптарында көзделген әрекеттер үшін жаза күшейтілді.

— Осыған байланысты, биыл біз қылмыстық процестің жаңа үш буынды моделін бастадық. Оның ерекшілігі дәлелдемелерді қылмысты қудалау органдары жинайды. Шешімді прокурордың өзі қабылдайды. Ал сот оған баға береді. Бұл үш буынды моделдің қадамы: Біріншіден — уақытты үнемдейді. Екіншіден — ашықтықты қамтамасыз етеді. Үшіншіден — азаматтардың қылмыстық процесс шеңберіне негізсіз тартылуын болдырмайды. Ендігі жерде азаматтардың тағдыры бір ғана тергеушінің қолында емес, барлық құқық қорғау органының назарында болады, — деді Қ. Дүмшебаев.

Жаңа заңға сәйкес, судья бейтарап, екі жақтың да құқығын тең қорғай отырып, жұмыс істейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.