Жамбыл облысында мейрамхана иесі түйе асырап, шұбат өндіруде

0 5

Жеке кәсіпкер Аманжол Бекбергенов түйе шаруашылығын дамыту үшін «Даму» қорына келіп, менеджерлердің ақылымен «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға жүгінген. Банкте кәсіпкердің өтініші қаралып, 14,5 пайызбен 11 миллион теңге шығып, 11 бас аруана сатып алды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Аманжол Бекбергеновтың мейрамхана бизнесімен айналысып келе жатқанына 17 жылға жуықтады. Алғашқыда ол Қаратау қаласынан мейрамхана салды. Сөйтіп, кәсіпкерліктің қыры мен сырын меңгере келе ол той бизнесін жолға қойған еді. Ал өткен жылы елімізде төтенше жағдайлар режімі енгізілген тұста ол өзін кәсіпкерлік салада жаңа қырынан танытуға тырысты. Осылайша кәсіпкер өңір үшін қызықты, әрі тың кәсіп, түйе шаруашылығын қолға алды.

— Қандай кәсіпті бастамас бұрын оның қыр-сырын зеріттейміз ғой. Мен де Талас ауданының мал шаруашылығына қолайлы аймақ екенін жақсы білем. Сондықтан да халқымызға тән мал шаруашылығын таңдадым. Мал болғанда да төрт түліктің төресі түйеге тоқталған едім, — дейді кәсіпкер.

«Бизнесті егжей-тегжейлі ойластырғаннан кейін кеңес алмаққа «Даму» қорына келіп, менеджерлердің ақылымен «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға жүгіндім» дегенді айтып қалды Аманжол Бекбергенов. Банкте кәсіпкердің өтініші қаралып, 14,5 пайызбен 11 миллион теңге шығады. Ең бастысы бұл оның алға қойған мақсатын орындауға жол ашқан болатын. Сөйтіп кәсіпкер жобасының 8,5 пайызын «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының бірінші бағыты аясында  «Даму» қоры субсидиялайды. Ал қалған 6 пайыздық айырмасын  өзі төлейді.

Сондай-ақ кәсіпкер несие алуда қордың 4,9 миллион теңгеге кепілдігін пайдаланды. Бұл қаражатқа  11 бас аруана сатып алды. Бүгінде Аманжол Бекбергенов  шұбатты Тараз бен Алматы қалаларындағы базарларға өткеруде. Тәулігіне 70 литр сүт сауылады. Жиналған сүттен шұбат дайындалып, арнайы ыдыстарға құйылып, нарыққа жөнелтілуде:

— Түйе шаруашылығы еліміздегі мал шаруашылығының табысты салаларының біріне айналуға мүмкіндік бар. Фермерлердің айтуынша, саланың қарқынды дамуы үшін мемлекеттің пәрменді қолдауы қажет. Сонда біздің отандық шұбат пен түйе жүні алыс және жақын шет ел нарығында бәсекеге түсе алар еді, — дейді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.