Тараз қаласындағы 54 көшеге сенбілік жасалды

0 0

Бүгін Тараз қаласында 65 мекеменің қатысуымен 54 көшеде сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікте 27 шақырым арық жүйесі тазартылып, 192 тонна күл-қоқыс шығарылды. 28 дана арнайы көлік жұмылдырылды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

«Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің 500-ге жуық қызметкерлері қаланың магистральді және орталық көшелерінде арық жүйелерін тазарту, бағаналарды сырлау, қураған ағаштарды кесу, жол жиектерін сыпыру, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару жұмыстарын атқарды. Аталған жұмыстарға 83 техника жұмылдырылып, 91 тонна күл-қоқыс шығарылды.

Бұған қоса, Абай даңғылы мен Сүлейменов көшесінде орналасқан бағаналарды сырлау жұмыстары мен қала әкімдігі тарапынан көшелердегі ретсіз, заңсыз орналасқан жарнамаларды алу жұмыстарын жүргізілді.

Айта кетейік, сенбілік жұмыстарына 2895 мекеме ұжымдары мен қала тұрғындары атсалысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.