Жамбыл облысындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң-құс саны белгілі болды

0 57

Әулиеата жеріндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жергілікті атқарушы органдарның мәліметінше 3043 бас тұяқты жауар, терісі бағалы 5143 бас аң, сондай-ақ 44 үнді жайрасы мен 13171 бас құс мекендейді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Облыс аумағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қанша және қандай жабайы жануарлар мен құстар мекендейтіні белгілі болып отыр.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жануарлар дүниесі, аңшылық шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Нұрғали Жұмаділдің айтуынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда 3043 бас тұяқты жануар тіркелген. Оның ішінде елік – 369, сібір тау текесі – 611, қабан – 422, қарақұйрық – 1045, арқар – 566 басқа жеткен. Бұдан бөлек, терісі бағалы 5143 бас аң бар. Атап айтсақ, аю –125, қар барысы – 6, түркістан сілеусіні – 21, тас сусары – 17, қасқыр – 153, түлкі – 258, қарсақ – 98, борсық – 150, құм қояны – 3256, суыр – 1059 басты құраған. Сондай-ақ 44 үнді жайрасы, 13171 бас құс мекендейді екен қаумалдарда. Құс демекші, бүгінде ол ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ителгінің – 49, бүркіттің – 115, қарақұстың – 70, бұлдырықтың – 4243, безгелдектің – 23, дуадақтың – 38, үкінің – 8, гималай ұларының – 190, қырғауылдың – 2286, шілдің – 1173, кекіліктің – 4280, үйректің – 23, кептердің – 480 басы тіркелген.

– Бүгінгі таңда ерекше қорғалатын қаумалдардан бөлек облыстың аңшылық ісін пайдаланушыларына бекітіліп берілген аңшылық шаруашылықтарында былтырғы мәлімет бойынша 1020 елік,1149 сібір тау текесі, 612 қабан, 984 түлкі, 540 қарсақ, 990 борсық, 12333 қоян, 2573 саршұнақ, 3171 андатр, 37770 қырғауыл, 8102 құр, 8886 кекілік, 6102 қаз, 143485 үйрек, 80015 қасқалдақ, 20618 кептер, 3216 бөдене, 124 ұлар есепке алынған еді. Оларда да қазіргі таңда аң-құстардың саны артқан, – дейді Нұрғали Жұмаділ.

Жүгірген аң, ұшқан құстың бәрі де байлық. Ұлттың байлығы. Сондықтан да өңіріміздегі тұяқты һәм қанатты аң-құстарды қорғап, сақтау, басы көбейтілуіне жанашырлықпен атсалысу орманшылардың ғана емес, сіз бен біздің де адамдық һәм азаматтық қасиетті борышымыз екенін әсте ұмытпайық, ағайын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.