Байзақ ауданында 4 елді мекенге биыл ауыз су беріледі

0 3

Байзақ ауданында биыл 4 елді мекенге ауыз су беріліп, аудан тұрғындардың сапалы сумен қамтылуы 95 пайызға жеткізілетін болады, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Байзақ ауданында «Өңірлерді дамыту» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында өткен жылы 8 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етуге 5,3 миллиард теңге бөлінген еді. Соның арқасында халықтың сапалы ауыз сумен қамтылуы 52,8 пайызға жеткен болатын.

Аудан әкімі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, «Өңірлерді дамыту 2020-2025» бағдарламасы шеңберінде өткен жылы 4 елді мекенге, атап айтсақ, Байзақ ауылына – 931,9, Қостөбеге – 549,6, Көкталға – 717,5 және Сеңкібай елді мекеніне – 341,6 миллион теңге бөлінген. Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 2 елдімекенге, яғни, Жаңатұрмыс ауылына – 420,1, Бурыл ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту 850,6 миллион теңге қаралып, су жинау имараттары мен су бұру желілерін салу жұмыстары жүргізілді.

— Биыл 4 елді мекенге ауыз су беріліп, аудан тұрғындардың сапалы сумен қамтылуы 95 пайызға жеткізілетін болады. 2025 жылға дейін барлық 43 елді мекен таза ауыз су жүйесімен қамтылады, — дейді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.