Байзақ ауданында 4 елді мекеннің және бір кітапхананың қазандығы көгілдір отынға қосылады

0
31

Биыл Байзақ ауданындағы Абай, Мәдімар, Дихан-2, Жақаш ауылдық клубтары мен Көкөзек ауылдық кітапханасы, жалпы 4 елді мекен клубы мен 1 кітапхана көгілдір отынға қосылады, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Байзақ ауданында өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Бурыл ауылында – 180, Жетібайда – 90, Көкбастау елді мекенінде – 90 орындық мәдениет үйлері бой көтеріп, ел игілігіне берілген еді. Ал облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа аудан орталығындағы әл-Фараби атындағы және Түймекент пен Дихан ауылдарындағы мәдениет үйлеріне модульдік қазандықтар орнатылып, көгілдір отынға қосылды.

Аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықовтың айтуынша, елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту мақсатында биылғы жылы Темірбек ауылдық округіндегі Тегістік ауылынан 90 орындық, 2022 жылы Кеңес, Ақшолақ, 2023 жылы Мырзатай, 2024 жылы Байзақ ауылдарынан клуб салу жоспарға енгізіліпті.

Мұнымен қатар, елді мекендердегі ауылдық клубтардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Көктал ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттары дайындалған.

Түймекент, Дихан, Үлгілі, Байзақ ауылдық клубтарды ағымды жөндеулерден өткізу үшін сметалық құжаттары дайындалып, қаржы бөлуге ұсыныс беру үшін облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына өткізілген. Биыл Абай, Мәдімар, Дихан-2, Жақаш ауылдық клубтарын және Көкөзек ауылдық кітапханасы көгілдір отынға қосылмақ.

— Аудандағы ауылдық клубтарды газбен қамту мәселесі биыл толық шешімін табады. Осы орайда ғимараттардың техникалық жағдайы сараланып, сметалық құжаттары дайындалуда, — дейді Сәкен Сыздықов.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here