«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан басшысы Марат Сұлтанғалиев пен аудандық мәслихат депутаты Талғат Түсіпбеков ауданымыздағы бірқатар мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлерінде болып хал-жағдайларымен танысты,-деп жазады «Zhambylnews» АА.
Аудан басшысы кездесу барысында олардың әрқайсымен жеке дара тілдесіп, көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Тыңдай отырып болашақта өз аяқтарымен жүріп кетуді армандаған екі азаматты аудандық орталық ауруханадан толықтай тексеруден өткізуге жіберді.
Қазіргі таңда екеуінің біреуін облыс орталығына, біреуіне оңалту жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы облыс орталығынан мүмкіндік болмаған жағдайда Нұрсұлтан қаласына жіберуді көздеп отырмыз. Мұндағы мақсат әрбір мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үміттерін жағып, олардың қатарымызға қосылуына толыққанды жағдай жасау дейді.
Аудан басшысының бұл игі қадамы көпке үлгі боларлық.
Халық қалаулысы Талғат Болатұлы осы кездесуде азық-түлік пакеттерін табыстап, дендеріне саулық тілеп, ізгі ниеттерін білдірді.
Аудан әкімінің он күндік жұмыс барысынан материалдар әзірлеген Сарысу ауданының баспасөз қызметі.