Бүгін 26 мамыр, сағат 10:00 мен 12:00 аралығында облыстық терроризммен күрес бойынша жедел штабы Тараз қаласы Махамбет батыр көшесінде шартты террорлық актіні болдырмау және оның салдарын жою бойынша «Мамыр-Антитеррор-2021» антитеррористік оқу-жаттығуларын өткізеді, — деп жазады “ZhambylNews” AA.
Шара штаб күші мен құралдары- ның террористік белсенділікке шұғыл әрекет ету, терроризм актісінің салдарын азайту және жою амалдарының практикалық дағдыларын пысықтау мақсатында өткізілмек.
Антитеррорлық оқулар түрлі күрделілік деңгейлерін қолдана отырып, ұрыс жағдайына барынша сәйкестендірілген. Оған жеке құрам мен арнайы техниканың едәуір бөлігі тартылған. Аталған көшедегі автокөліктің қозғалысында және өзге де шектеу шаралары қарастырылған.
Осы орайда тұрғындарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.
Облыстық терроризммен күрес бойынша жедел штабы