Талас ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 6 жоба қолға алынбақ

0 0

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Талас ауданында 6 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Атап айтсақ, биыл Үшарал ауылында дәрігерлік амбулатория, Ақкөл ауылында спорт кешені салынбақ. Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы 16,3 километрді құрайтын автомобиль жолы орташа жөндеуден өткізілмек, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

«Ауыл – ел бесігі» жобасының жұмыс істеп жатқанына биыл үшінші жыл. Тұңғыш Президентіміз-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған жоба бүгінде өз нәтижесін беріп те үлгерді. Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевта Президент қызметіне кіріскеннен кейінгі өзінің халыққа арнаған алғашқы Жолдауында да қолдау білдіріп, оған бөлінген қаржыны екі есеге арттырғаны белгілі. Соның арқасында жүргізіліп жатқан құрлыс жұмыстарына қарап, өңіріміздегі аудан орталықтарының ажарының бұрынғыдан да көркейе түскені белгілі.

Аталған жобасы аясында 2019-2020 жылдары 7 ауданның 29 елді мекенінде 10,3 миллиард теңгені құрайтын 200-ден аса жоба іске асырылған. Оның ішінде 13 жаңадан салынып пайдалануға берілген нысандар бар.

Облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, екі жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан жоба аясында өңірдің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жақсарған. Биыл жүзден аса жоба қаржыландырылса, соның ішінде Талас ауданында да бірнеше нысаның құрылысы жүргізілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.