Тараз қаласының №3 аумақтық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өтті

0 1

Бүгін №3 аумақтық округіне  қарасты Т.Рысқұлов атындағы саябақта кезекті көшпелі қоғамдық қабылдау өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Шараға Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев пен әкімдікке қарасты бөлім басшылары мен мамандары қатысты.


Қоғамдық қабылдауда 31 тұрғынды қабылдап, халықтың мәселелерін тыңдаған шаһар басшысы тиісті мекеме басшыларына тапсырма жүктеді.

Қабылданған 120-ға жуық қала тұрғындарының сауалдары ішінде 70% тұрғын-үй, коммуналды-шаруашылық, 20% әлеуметтік, қалған 10% әртүрлі мәселелер болды. Сондай-ақ, қайтарымсыз гранттар мен атаулы әлеуметтік көмек алу  туралы кеңес берілді. Тұрғындар тарапынан тіркелген әрбір мәселе бойынша кері байланыс орнатылып, нақты шешім табу үшін  комиссия құрылып,  жан-жақты зерделенетін болады.

Айта кетерлігі көшпелі қоғамдық қабылдау әр жұма сайын тамыз айына дейін жалғаспақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.