Қазақ тілінде толғайды, түрлі ұлттың өкілі…

0 1

Қазақ тілінің деңгейін ұлтаралық қолданыс дәрежесіне көтеру – тіл саясатын жүзеге асырудағы басты бағыттың бірі. Түрлі ұлттың өкілі топтасқан Жамбыл облысында бұл жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Нәтиже – көңіл қуантарлық. Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, өзге ұлт өкілдері арасында  ұйымдастырылған акцияда әулиеаталық үміткерлер үмітті ақтады. Еліміздің әр аймағынан байқауға қатысуға ниет білдіргендердің ең көбі де – жамбылдықтар болды. Өңірдегі 49 өзге ұлттың өкілі 326 үміткердің қатарында өз өнерлерін көрсетіп, қазақ тіліне деген құрметін паш етті. Нәтижесінде, бекітілген он жүлделі орынның бесеуін бірдей иеленіп, қуанышқа кенелді.

ІІ жүлделі орынды Қордай ауданы, №19 орта мектебінің 6-сынып оқушысы Джинва Раяна, ІІІ-жүлделі орынды Тараз қаласы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Люфт Августина иеленсе, Жамбыл ауданы, Шайқорық орта мектебінің оқушылары Ибрагимова Риянна мен Кочалиева Лейла, Тараз қаласы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Мирзаева Назима ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Өзге ұлттың баласы болса да, қазақ тілін үйренуге деген құлшынысын көрсете білген балалардың жетекшілері де ескерусіз қалған жоқ. Барлығына Тіл саясаты комитетінің Алғыс хаттары мен арнайы дипломдары тапсырылды.

Бұл жеңіс- өңірдегі тіл саясатын жүзеге асыруда түрлі іс-шараларды толассыз ұйымдастырып, тіл үйретуді заман талабына сай түрлендіре білген жауапты мамандардың да еңбегі екені даусыз.

Гүлнұр Қайратқызы

Leave A Reply

Your email address will not be published.