Саннан сапаға мән берейік — Ержан Жылқыбаев

0 0

Бүгін Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен  апараттық кеңес өтті. Жиында  жер қатынастары саласындағы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту бағдарламаларының және хаттамалық тапсырмалардың орындалу деңгейі сараланды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Тараз қаласы әкімдігінің аппарат басшысы Б.Сариевтың айтуынша хаттамалық тапсырмалардың 90% орындалған. Тек қала әкімінің орынбасарлары А.Есеналиев  пен А.Садубаевқа қарасты салалар бойынша 2 тапсырма шешімін таппаған. Осыған орай,  қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Бобеевке сөгіс жарияланды.

Тапсырмалардың дер кезінде орындалуына қатаң көңіл бөлетін шаһар басшысы алдағы уақытта  әр орынбасарының атқарған жұмысының нәтижелерін сандық және сапалық көрсеткіштер түрінде  дайындауға тапсырма берді.

Қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Беркінбек  Бижігітовтың баяндауынша, қалада жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерінің кезегінде 73637 азамат тұр. Биылғы жылы «Құмшағал-Шалғай Қарасу» тұрғын алқабынан 1579 жер телімін беру жоспарлануда. 

Ал, келесі мәселе бойынша жауапты тұлға Дәурен Рахымұлының айтуынша, ағымдағы жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бос жұмыс орындарына тарту – 1,5%, грант беру – 3,5%, қысқа мерзімді курстарға жіберу – 3,3% құрап отыр. Жұмыспен қамту бойынша, 2021 жылдың 1 маусымына 34 мекемеге 87 мүгедек квота бойынша жұмысқа қабылданды, ол 20,5 % құрайды. Қалада  жалпы 16119 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген, оның 6791-не, яғни 42,1%-на жеке оңалту бағдарламасы аясында қызмет көрсетіледі. 


— Саннан сапаға мән беріп, әр мәселеге бөлім басшылары мен сала орынбасарлары тікелей араласып, өздері жүріп, шешім табуға атсалысу қажет, — деді қала әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.