Талас ауданында 28 километрді құрайтын автомобиль жолы жөнделіп, үш ауылға газ тартылуда

0 0

Биыл ұзындығы 28 километрді құрайтын «Ақкөл-Қойгелді» автомобиль жолы қазан айында пайдалануға берілсе, алдағы жылы Ақкөл, Ақтөбе және Қызылəуіт ауылдарына газ жеткізілмек, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Талас ауданында «Ақкөл-Қойгелді» автомобиль жолы орташа жөндеуден өткізілуде.

Облыс əкімдігі жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жəнібековтың айтуынша, жол құрылысы сəуір айында басталыпты. Оның құрылыс жұмысын «Рауан» ЖШС жүргізуде. Ұзындығы 28 километрді құрайтын жолды мердігер қазан айында тапсыруды жоспарлап отыр. Жалпы ол жолды жөндеуге бюджеттен 732 миллион теңге бөлінген.

Ал Ақтөбе, Қызылəуіт жəне Ақкөл ауылдарына газ тарту жұмысын «Таразстрой – 2004» ЖШС жүргізуде.

Серіктестік директоры Қуат Баққараевтың айтуынша, газдандыру жұмысына 2 милиард 783 миллион теңге бөлінген. Жоба 2022-2023 жылдарға өтпелі. Қазіргі таңда 88 километрді құрайтын газ желісінің 22 километріне құбыр тартылған. Қос нысанда 76 адам жұмыс істеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.