Жамбыл облысында «ÁLEMDI ÓZGERT» байқауының жеңімпаздары марапатталды

0 4

Жамбыл облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен «ÁLEMDI ÓZGERT» атты үздік жобалар байқауының қорытындысы шығып, жеңімпаздар марапатталды. Байқауға жоғары және арнаулы оқу орындарынан 15 студент қатысып, өзінің мемлекеттік және орыс тілдегі публицистикалық жұмыстарын ұсынған, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Жастар көзқарасымен әлемдегі әлеуметтік, құқықтық, экологиялық, әскери бағыттағы проблемаларды шешу жолдарына арналған «ÁLEMDI ÓZGERT» байқауының мақсаты әлеуметтік жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар экологиялық жобаларды қолдау болып табылады. мақсатында өткізілді.

— Байқауға ұсынылған 15 жобаны қарап шықтық, жастар ізденіп тың идеялар ұсынған, әртүрлі бағыттағы проблемаларды қамтыған. Осындай байқауларға тұрақты қатысып жүретін жастарымыз да жетерлік. Бұл байқау тек Жамбыл облысында ғана емес өзге де облыстағы жастар арасында да өткізіліп тұрады. Үздік деп танылған жобалар алдағы уақытта қолдау тауып, іске асырылады деген сенімдемін, — деді қазылар алқасының мүшесі Асхат Олжабай. 

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, «Әлеуметтік бағыттағы мәселелер» номинациясы бойынша Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенті Б.Асқар, «Құқықтық бағыттағы мәселелер» номинациясы бойынша «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің студенті Д.Берекеева, «Экологиялық бағыттағы мәселелер» номинациясы бойынша Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенті Ш.Жүсіпов, «Әскери бағыттағы мәселелер» номинациясы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Е.Юсупов жеңімпаз деп танылды.



— Мен ұсынған жоба әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған Бүгінгі қоғамда өкінішке орай ажырасу мәселесі белең алып отыр. Жобада отбасы құндылықтарын сақтау және ажырасуды азайтудың жолдары ұсынылды. Бүгінгі байқауда жеңімпаз болғаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта осы сынды байқауларда белсенділік танытамын,-деді байқау жеңімпазы Бекболат Асқар.

Байқау жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен сыйлықтар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.