Таластық таланттар ұлттық Дельфий ойындарында топ жарды

0 10

Өнер бәйгесінде таластық өрендер таланттарымен талайды тамсандырып, күмбірлетіп күй төгіп, әуелете ән салып, мың бұралған биімен барша жұрттың қошеметіне ие болды. Ұлттық Дельфий ойындарының облыстық іріктеуінен «Домбыра тарту» номинациясы бойынша Елдос Нұрланұлы, «Халық әнін айтудан» Қазыбек Якиев және «Би жарысынан» «Кәусар» тобы жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Дельфий ойындары — классикадан бастап қазіргі заманға дейінгі өнердің барлық түрін қамтитын жарыс түрі. Бұл жарыс ең алдымен жастардың шығармашылығын дамытуға көмектеседі. Дельфийлік ойынның тарихы біздің эрамызға дейін, Овидия және Плутарха заманында басталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.