«Мерейлі отбасы — 2021» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

0 10

Бүгін Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев «Мерейлі отбасы — 2021» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің қорытындылары бойынша анықталған жеңімпаздарды марапаттады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Елбасының бастамасымен қолға алынған ұлттық байқау биыл жетінші жыл қатарынан өткізілуде. Аталған байқау адамгершілік құндылықтарды қайта жаңғырту, отбасы мәртебесін көтеріп, жас буынға үлгі ету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Байқаудың қалалық кезеңіне түрлі салада еңбек етіп жүрген 17 отбасы қатысты. Арнайы құрылған комиссия шешімімен дәрігерлік кәсіпті атадан балаға мұра еткен Умаровтар және көп ұлтты Ханбабаевтар отбасылары үздік деп танылып, құжаттары облыстық кезеңге жолданды. Енді олар облыстық деңгейде Тараздың намысын қорғайтын болады.

Айта кету керек, биылғы жылдың 28 мамырында Анваржан Ханбабаев «Эльбрус» шыңына шығып, еліміздің Туын көкке көтерді.

Сондай-ақ комиссия мүшелерінің шешімімен ұлттық конкурсқа қатысып, белсенділік танытқан көпбалалы Әбдірамановтар және «Ерекше отбасы» деп танылған Ақбаевтар отбасы да жеңімпаз болуға лайық деп танылды.

Қалалық кезеңнің жеңімпаздарын қала әкімі Алғыс хаттарымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.