Таразда жаңа қоғамдық көліктердің кілті табысталды

0 11

Елорда күні қарсаңында облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қатысуымен Тараздағы «Н.Назарбаев» орталық алаңында салтанатты түрде «Hyundai Trans Auto» ЖШС-нің «Golden Dragon» маркалы 10 автобустың кілтін тапсыру рәсімі өтті, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Су жаңа автобустар №8 бағытындағы (Smart супермаркеті-мөлтек аудандар — Жамбыл даңғ. — Төле би даңғ. -Қазыбек би көш. — Абай даңғ. — Көшеней көш.) аумақта қатынайтын болады.

«NarTrans» автопаркіне тиесілі автобустардың ұзындығы — 12 метр. Жалпы сыйымдылығы – 90 жолаушы.

Автобус едені егде жастағы адамдардың көлікке мініп-түсуіне қолайлы етіп төмен жасалған. Сондай-ақ, пандус, кондиционер,
бейнебақылау камералары және аялдамаларды автоматты түрде хабарлайтын «Автоинформаторлармен» жабдықталған.

Айта кетейік, заманға сай жабдықталған автобустарды қалалық маршруттарға қосу жұмыстары жыл соңына дейін жүргізілмек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.