Сарысуда балалар ойын алаңшасы ашылды

0 4

Бүгін Елорда күні қарсаңында Жаңаарық ауылдық округіндегі Ақтоғай ауылында жаңа балалар ойын алаңы ашылды. Ауылдағы бұл алаңқай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолданысқа беріліп отыр, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Ақсақалдар мен көп балалы аналар да ойын алаңын салғызған аудан басшылығына алғыстарын жаудырды. Алдымен халықты бұл қуанышты сәтпен ауыл әкімі О.Мұқашов құттықтады.

Іс шара барысында балаларға балмұздақ таратылып, бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.