Жамбыл облысында жаңадан сайланған ауылдық округ әкімдерінің ең жасы — 28-де

0 2

Жамбыл облысында 38 сайлау округі бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлау қортындысы шықты. Сайлаушылар тізіміне 104 391 азамат енгізіліп, 94 642 (90,66%) дауыс беруге қатысты. Ал сайлаушылардың 4%-ын құраған 442 адам өз үйлерінен дауыс берді. Сайланған әкімдердің ең жасы-28 де болса, 3-еуі әйел азаматшалар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов айтты, — деп жазады “Zhambylnews” АА.

Жалпы Жамбыл облысы бойынша 89 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Онда 651 саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың байқаушылары, БАҚ өкілдері сайлау процесін байқауға қатысты.

Алдына ала белгілі болғанындай әкім болуға үміткерлер болған 111 адамның, 38-і өз округтері бойынша әкім боп сайланды. Айта кету керек, кандидаттар ішінен 31 адам «Nur Otan» партиясынан қатысса, 3 адам өз-өзін ұсынғандар. Ал қалған саяси партиялардан бір-бір адамнан өз бақтарын сынады. Айталық олар «Ауыл» социал-демократиялық партиясы, «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы», «ADAL» саяси партиясы, «Қазақстан халық партиясы».

Сайланған 38 ауыл әкімінің ең жасы Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі 28 жасар Қуандық Ерсайын.

— Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Сайланған әкімдердің орта жасы-43-ті құрады. Басым бөлігі экономист және заңгер мамандықтары бойынша білім алған. Олардың ішінде 3 — әйел бар- Жуалы ауданына қарасты Қарасаз, Жамбыл ауданы Ақбастау, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округтерінен, — деді спикер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.