ZHAMBYLNEWS — Апта басында Өрнек ауылының тұрғындары С.Мұқанов көшесіне төселген асфальттың сапасында кінәрат бар екенін айтып, наразылығын білдірген болатын. Бүгін өрнектіктер жолдың сапасына куә болды. Ауыл азаматтарының қатысуымен өткен сараптама нәтижесінде, жол жабындысының тереңдігі жобалық-сметалық құжатта 5 см болуы керек болса, мұнда 6,5-8 см-ге дейін жеткен. Ал ені 4 метр болып көрсетілсе, мердігер компаниясы артығымен яғни, 4 метр 20 см дейін асфальт төсеген.
Айта кетейік, жұртшылықтың
алаңдаушылығын тудырған жол сапасын арнайы көруге барған Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев «Ауыл – ел бесігі» жобасымен салынған Сәбит Мұқанов көшесіне «Жол активтерінің Ұлтық сапа орталығын» шақыртып,
зерделететінін айтқан болатын.
Орталық мамандарын облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібековтың өзі бастап келді.
Сараптама тұрғындар өтінішімен басқа да жерлерден алынды. Бәрі талапқа сай жасалғаны анықталып, тұрғындар өтінішке жедел құлақ асқан басшыларға ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ басқарма басшысы Б.Жәнібеков басқада ауылдардағы жолдың сапасын тексеріп, тікелей эфирде көрермен назарына ұсынды.