Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің қоймасынан өрт шығып, жарылыс болды

0 1

Бүгін сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөліміндегі қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Аталмыш бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәліметінше өртті сөндіруге әскери бөлімнің шынжырлы өрт сөндіру машиналары тартылған. Оларға Жамбыл облысының ТЖД өрт сөндіру есептоптары көмектесуде.
Өрт ошағын жою жалғасуда. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.

Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.