Мереке қарсаңында Таразда 180 отбасы баспаналы болды

0 0

Конституция күніне орай  15 ықшамауданда 180 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, пәтер кілттерін тапсырды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Бүгін баршамыз мемлекеттігіміздің берік іргетасы – Конституция күні қарсаңында қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Осынау оң істердің барлығы әлеуметтің әлеуетін әлді ететін ауқымды шаралардың жарқын көрінісі. Біздің басты мақсаттарымыздың бірі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында барлығы 50 көпқабатты (3 мыңға жуық пәтер) тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспалануда, —  деді аймақ басшысы.

Пәтер кілтіне ие болған тұрғындар атынан сөз алған Жазира Байкулова көпшілік атынан алғысын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.