Жамбыл ауданында 34 референдум учаскелері өз жұмысын бастады.
Бүгін ел болып күткен референдум өтуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға еңгізілетін толықтырулар мен өзгерістерді бүткіл халықтың талқысына шығарып отыр. Бұл – ел болып қолдауға лайықты іс.
Жамбыл ауданындағы 34 референдум учаскелерінде 50274 дауыс берушілер саны тіркелген.
Қазіргі таңда барлық референдум учаскелерінің есігі келуші тұрғындарға ашық.
Осы күнге дейін референдумның мән-мағынасын кеңінен түсіндіру үшіниауданда 25 адамнан тұратын, 3 топқа бөлінген аудандық қоғамдық штаб құрылып, ауыл-аймақтар өз жұмыстарын жүргізген.
Жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы қадамын референдумнан бастау арқылы ПрезидентІміз бұдан былай әрбір қазақстандықтың пікірі маңызды болатынын айқындап отыр. Өйткені референдум — елдің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің төте жолы.
Тарихи таңдауыңды жаса!