Түйіндеме жазу үлгісі

0 166

Негізі түйіндеменің басты мақсаты жұмысқа тұрушының  жұмысқа қабылдаушыға өзі жайлы мейілінше нақты және толық ақпарат беру. Төменде көрсетілген түйіндеме шағын ғана және өте қарапайым. Жұмыс түріне қарай түйіндеме де әркелкі болуы мүмкін. Әдетте, мемлекеттік мекемелерге белгілі бір стандарттарға сәйкес түйіндеме беру керек. Ол қысқа да нұсқа, маңызды деген ақпарат белгіленген, кейде сурет пен мақтау қағаздары, сертификаттар, ұсыным хаттарымен қоса жүреді. Түіндемеге қарап жұмысқа қабылдаушы жұмыскер жайлы ой түйеді. Сауатты, қатесіз, ұқыпты толтырылған түйіндеме кей уақыттары жұмысқа қабылдау жайлы шешімнің соңғы нүктесі болуы мүмкін.

Аты-жөнi: Орынбасар Айдана Талғатқызы
Мекен-жайы: Түлкібас ауданы, Шақпақ баба ауылы, Маметова 2
Жасы: 21 (02.04.1999)
Телефон:  8 777 251 24 17; 8 707 798 24 17
Е-mail : aidanatalgatqyzy@gmail.com
Жалпы ақпарат
Бiлiмi:
 – Орта-арнайы
2018-2019 ж (1 жыл 10 ай) — Шымкент қаласындағы политехникалық колледжі
Отбасылық жағдайы: Тұрмыс құрған

Жұмыс тәжiрибесi:

  • “Oinet.kz” ақпараттық порталы, 2019-2020 жылдары, Шымкент қаласы, журналист-копирайтер
  • “Рейтинг” холдингі, 2019-2020 жылдары, Шымкент қаласы, тілші.
  • “Qazyna” қазақша кітаптар дүкенінде, 2018-2019 жылдары, сатушы-кеңесші.
  • “Zhambylnews.kz” ақпараттық агентігінде. 2020-2021 қазіргі таңда, журналист-копирайтер.

Тiлдi бiлуi:

  • Қазақ тілі – ана тілі
  • Орыс тілі – еркін
  • Ағылшын тілі – орта
  • Корей тілі -орта

Компьютердi игеруi:

  • Microsoft Office, Enternet Explorer,  AutoCad, Turbo Pascal, C++, Power Point,  Photoshop, Corel DRAW.

Жеке қасиеттері:

  • ұқыпты, ақкөңіл, ашық, адамдармен тез тіл табыса алады, тез меңгереді, жауапкершілігі мол

Құштарлығы:

  • Тілдер үйрену;
  • Кітап оқу;
  • саяхат жасау;
  • Аспаздық;
Қосымша ақпараттар:
  • СММ саласын жақсы меңгерген;
  • Журналист болуды армандайды;
  • Әңгімелер жазады;
Leave A Reply

Your email address will not be published.