Ұстаздық еткен жалықпас… (эссе)

0 235

                                                                                                     «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым,
                                                                                                        жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы,
                                                                                                                                жақсы ұстаздан болады»
                                                                                                                            А.Құнанбаев
Мен өз ой толғауымды Шәкәрімнің:

Адамдық борыш ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін,
Серт берген еңбек етем деп,

алдағы атар таң үшін, — деген туған халқы алдында азаматтық үнін танытқан өлеңімен бастамақпын. Себебі, осы өлең десе біздің жүрегіміз соғуымен үндес келетін тәрізді. Біздің мамандығымыздың өзі — алдағы атар таң үшін, болашақ үшін қызмет емес пе? Бала өз өміріне қажетті тәрбиені алдымен отбасынан, сосын мектептен алатыны сөзсіз. Орыстың ұлы педагогы С. Ушинскийдің «Тәлім — тәрбие дәрменсіз болмауы үшін, ол халықтық болуы тиіс» дегені белгілі. Ендеше, әр баланың бойына ұлттық сезім, ұлттық үрдіс дарыту — біздің, яғни, мұғалімдердің міндеті.
Мен — ұстазбын, мен — мұғаліммін, мен — зерттеушімін, мен жас ұрпақты келешекке жетелеп апаратын — тәрбиешімін. Өзім бастауыш пәні мұғалімімін, сонымен қатар сы-нып жетекшісі ретінде бала тәрбиесіне тікелей араласып келемін. Ұстаздық еткен 4 жыл ішінде мен өз іс — тәжірибемді түйіндей келе төмендегідей ой қорыттым.
Егеменді еліміздің ертеңі жастарға жүйелі білім, тәлімді — тәрбие беруде халық педагогикасының мән — маңызы күн өткен сайын артып келеді.
Қазіргі таңда адамдардың өмірге деген көзқарасының өзгеруі, келеңсіз факторлардың орын алуы балалардың тәрбиесіне түрлі жағымсыз әсерлер туғызады. Осы өзекті мәселенің шешу жолдары ол ұлттық тәрбиеге бет бұру.
Еліміздің әр жерінде халық мұрасына, әсіресе, ұлтымыздың салт — дәстүрлеріне деген бетбұрыс, ондағы өзіндік ерекшеліктері жас ұрпақ тәрбиесіне лайық жүргізу, сол арқылы шәкірттерді адамгершілік — шыншылдыққа баулу, әдеп — ізетке үйрету секілді сипаттар мектепте кеңінен өріс алып келеді.
Жас ұрпақты адамгершілікке ұлтжандылыққа, адал еңбек, өмірге бейімдеу, әсемдікке, әдемілікке, Отанның намысын қорғау сияқты ізгі қасиеттерге тәрбиелеу. Әрбір оқушының ұлттық санасы, рухы, ұлттық білім, тәрбие беру арқылы дамытылады. Халықтық педагогика келешегі зор, кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен, билерден, сал — серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Тәрбие тамыры халық қазынасында, соның қадір — қасиеті мен білім болмысында. Ұлттық тәрбиеге жан — жақты жағдай жасап, көңіл бөле бастағанымыз болашақтың сәулесіне нұрын шашатын күн сияқты.
Қай халықтың баласы болсын оның бір — бірінен айырмашылығы жоқ. Ал баланы ешбір ұлт жамандыққа тәрбиелемейді. Барлық халық ізгілікке, жақсылыққа, елін, тілін сүюге, қысқасы барлық азаматтық тәрбиеге тірек болатын ел құнды адамгершілік қасиеттерді ұрпақ бойына сіңдіруді көздейді. Ұлттық салт — дәстүрлердің, әдет — ғұрыптың заманға сай өрнектерін халық жоғары бағалайды. Әдемі әдет пен әсем әдеп, аталық дәстүр, әдемілік бәрі — бәрі ғасырлар бойы қалыптасқан халық педагогикасы адамгершілікке толы үлгі — өнегелер.
Тәрбиенің осы бір сан салалы күрделі мәселелеріне терең бойлауға, күнделікті өміріміздегі қарапайым дағдылар арқылы бала жүрегіне жол тырысатын алғашқы білім ордасы — мектеп.
Жас ұрпақты тәрбиелеуші ретінде ойға түйгенім — адамды тәрбиелеу үшін тәрбиеленушіні барлық жағынан білуі. Жан дүниесін зерттеу шарт екен. Кезінде ұлы педагог С. Ушинский: «Оқушыларға жан — жақты тәрбие беру үшін оны жан — жақты зерттеп білу керек»- деген. Осындай зерттеу жұмыстары маған алдыма педагогикалық мақсаттар қоюға және оқу — тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізуге көмегін тигізіп келеді.
Мұғалім — баланың жеке тұлғасын қалыптастырушысы, маңызды тәлім — тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік — саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім — тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу — мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім жан — жақты жетілген, білімді, әдістемелік — шығармашылық иесі, халықтық дәстүр, әдет — ғұрып пен салт — сана ерекшеліктерін, әлеуметтік қарым — қатынастарын, түрлерін

Leave A Reply

Your email address will not be published.