«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі»

0 18

2022 жылдың 14 ақпанынан бастап Жамбыл облысының аумағында 10 күндік «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық алдын алу іс-шарасы басталды.

Ювеналды полиция қызметкерлері мектеп оқушыларына Жол қозғалысы ережелері бойынша бірқатар сабақтар өткізді. Балалар ойын түрінде тәртіп сақшыларынан ақпарат алды, сондай-ақ қызықтыратын сұрақтар қойды.

Аталған іс-шараны патрульдік, ювеналды полиция қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінің инспекторлары тұрақты түрде жүргізеді.

ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ақпараты бойынша жыл басынан бері Жамбыл облысында 10 жол-көлік оқиғасы балалардың қатысуымен орын алған, салдарынан 19 кәмелетке толмаған жасөспірім зардап шеккен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.