Түркістан облысында 4 баланың анасы өз үйінен заттарын шығарып, өртеймін деп қорқытқан. Сол кезде оның балалары үйдің ішінде болған. Әйел бұндай әрекетке кедейшіліктің кесірінен барғанын айтады, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Sputnk Қазақстанға сілтеме жасап.
Видеода балалардың жылаған дауысы естіледі. Әйелдің өзінің бұл әрекетін кедейшілік пен адамдардың қысымының салдарынан деп түсіндірді.
Түркістан облысының полиция департаментінің айтуынша видео әлеуметтік желіге тарағаннан кейін әйел мен балалардың жағдайын білу үшін Жетісай ауданының прокуратурасының қызметкерлері оған барған.
Тексеру барысында оқиғаның ағымдағы жылдың 28 наурызында болғаны анықталды. Балалардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт дереу сөндіріліп, полицейлер әйелге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Отбасын құзырлы органдар бақылауға алған.