Алматылық азаматтар әкімге қарсы қол жинауда

0 287

Онлайн петициялар сайтында Ерболат Досаевты Алматы қаласының әкімі етіп тағайындауға қарсы петиция пайда болды.

Авторы — Владимир Иванов есімді азамат. Кеше түнде жарияланған қарсылық петициясына қазірге дейін 8800 адам қол қойып үлгерген. Сайтта Алматы қаласына тағайындалған жаңа әкімнің бұрынғы атқарған қызметтерінде кеткен кемшіліктері мен сол уақытта экономикада орын алған жағымсыз жайттар да жазылған.

Петиция авторы 100 мың қол жинап, шаһар басшысын әділ сайлау өткізу арқылы халықтың таңдауына мүмкіндік беруді талап етуде.

Ақпарат дереккөзі : egov.press 

Leave A Reply

Your email address will not be published.