Томиристі сомдаған Альмира Тұрсын ислам дінін ұстанбайтынын айтты

0 285

Бұған дейін актриса өгей әкесінің ұлты корей екенін айтқан еді.

Осыдан жиырма жыл бұрын Альмира Тұрсын анасымен бірге протестанттық бағыттағы христиандықты қабылдаған, деп хабарлайды sputnik.kz.

Қазақстандық актриса Альмира Тұрсын жеке парақшасының жазылушыларына ислам дінін ұстанбайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін актриса өгей әкесінің ұлты корей екенін айтқан еді. Осыдан кейін Альмира Тұрсынның жазылушылары өнер жұлдызы қандай дінді ұстанатынын және бұл мәселеде әкесінің ықпалы болды ма деп сұрады. 31 жастағы актриса өз дінін анасымен бірге өгей әкесі отбасына келмей тұрып таңдағанын мойындады.

“Протестанттық бағыттағы христиан діні жүрегіме және жаныма жақын. Бұл менің жеке, саналы таңдауым”, – деді актриса.

Сондай-ақ ол барлық дінге төзімділікпен қарайтынын және әр адамның таңдауын құрметтейтінін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.