«Өлім жазасы» ұғымы Ата заңнан жойылды

0 14
Былтыр Қазақстанның қылмыстық кодексіне және басқа заңдарынан өлім жазасы алынып тасталды. Бұл ұғым Ата заңнан жойылып отыр. Енді Қазақстан іс жүзінде де, заң жүзінде де өлім жазасы жоқ мемлекет. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте арнайы жұмыс тобының мүшесі, Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.
«Омбудсмен институты туралы жеке бап қарастырылды. Азаматтардың өтініш беруіне жол ашып, Конституциялық кеңесті Конституциялық сотқа айналдыру бастамасын ерекше атап өткен жөн. Конституциялық сот төрелігі бойынша дүниежүзілік конституциялық қауымдастыққа мүше елдердің 118-нің 70-нде Конституциялық сот құрылған. 12 мемлекетте Конституциялық кеңес жұмыс істейді және қалғандарында бұл функцияны Жоғарғы соттар және басқа органдар жүзеге асырады. Осы орайда Қазақстан әлемде ең кең тараған және тиімді модельді таңдап отыр. Конституциялық бақылау органдары Ата заңның талаптарын жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. Бұл негізінен ата заңның нормаларына негізгі түсіндірме беру, конституциялық дауларды шешу, қолданыстағы заңнаманың конституциялық талаптарға сәйкестігін тексеру арқылы жүзеге асады», — деді Нұрмұханов.
Leave A Reply

Your email address will not be published.