69 келі марихуана жинаған азамат ұсталды

0 9

«Қарасора-2022» жедел- алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп, елді мекенге жақын құмды аймақта қарасора жинаумен айналысқан Тасөткел ауылының 52 жастағы тұрғынын ұстады.

Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде шабылып, кептіруге қойылған, салмағы шамамен 69 келі қарасора есірткі заты табылды.

Тиісті сараптамалық қорытынды алынды. Күдікті кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Аталған дерекке қатысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296- бабы 4- бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

— Өткізу мақсатында есірткі құралдарын жинау бойынша айыбы дәлелденген жағдайда, күдікті он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге мүлкін тәркілеумен бас бостандығынан айырылуы мүмкін,- деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Д.Қойтөриев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.