Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,90 теңгеге (+0,09) дейін көтерілді.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 70,50 теңге (+0,295) болды.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Ұлттық банк бағамды 487,02 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 476-480 теңгеге, еуро 485-490 теңгеге, рубль 7,3-7,7 теңгеге сатып алынып/сатылып жатыр.
3 тамыздағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.
Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 0,02%-ға арзандап, 100,52 доллар болды.
WTI маркасының қыркүйектегі фьючерстері 0,01%-ға төмендеп, барреліне 94,41 доллар болды.