Қордайда келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті

0 48

Әлжан ана ауылының мәдениет үйінде Қордай ауданының өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған Сарыбұлақ, Ноғайбай, Бетқайнар, Әлжан ана, Степной, Жамбыл және Қақпатас, Алға ауылдық округтерінің бірлескен қоғамдық келісім кеңесінің  екінші отырысы өтті  — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Жиынға аудан әкімінің орынбасыр Дамира Сүгірбай, аудандық қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары Мықтыбек Алтыбай, Әбдібек Сейілхан, ардагерлер кеңес ітөрағасы Біржан Әлімбет, Аудандық этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, Қордай аудандық маслихат депутаттары, Сарыбұлақ, Бетқайнар, Әлжан ана, Степной және Жамбыл, Қақпатас, Алға және Ноғайбай ауылдық округ әкімдері, учаскелік полиция инспекторлары, келісім кеңесі мүшелері, арнайы оқу орындарының директорлары мен мешіт имамдары қатысты. Әскер қатарына шақырылым жұмыстары кезінде уәкілетті тұлғалардың өзара бірігіп жұмыс істеуінің тиімділігі, ауылдық округтерде ұлтаралық қатынастарды нығайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы және отбасы құндылықтары бойынша сұрақтар қаралды.

Бірінші сұрақ — әскер қатарына шақырылым жұмыстары кезіндегі бірқатар мәселелер бойынша Қордай ауданы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне сын-ескертпелер айтылды. Сондай-ақ, жиынға қатысқандар тарапынан түскен ұсыныстар қабыл алынып, тиісті орындарға жіберілетін болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.