Т.Рысқұлов ауданында ауқымды сенбілік өтті

0 27

Тазалық — тәртіптің тірегі, денсаулық кепілі және дамудың тетігі.   Өткен сенбі күні осы мақсатта Т.Рысқұлов ауданында жаңа оқу жылының алдында тазалық акциясы ұйымдастырылды.

Акцияның басты мақсаты — аудан аумағындағы көрнекі орындар мен табиғи аумақтарды тазарту, тазалығын сақтау болып табылады.

Өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке шақыратын тәрбиелік мәні зор шараға ауданның зиялы қауым өкілдері мен жастары, мекеме қызметкерлері қоршаған ортаның тазалығына сақтауға бағытталған шараға бірауыздан атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбілікке 15 ауылдық округтің тұрғындары да жаппай қатысып, елдімекендердегі қураған тал бұтақтары кесіліп, арық-атыздар мен ауыл көшелері қоқыстардан тазартылды.

Сенбілік — тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.