Тұрар Рысқұлов ауданында аудан әкімінің у.м.а. Бауыржан Есеев бекітілген кестеге сәйкес Қайыңды, Тереңөзек және Ақыртөбе ауылдық округтерінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.
Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында Қайыңды ауылына барар жолдағы облыстық мәндегі жолды жөндеу, сондай-ақ ауылдың ішкі жолдарын жөндеу, Сөгеті және Мамай ауылдарына таза ауыз су жеткізу, жер телімін алу, оңалту орталығын ашу мәселелері көтерілсе, Тереңөзек ауылдық округі тұрғындары тарапынан көше жарығы, Тереңөзек ауылындағы Жамбыл орта мектебіндегі оқушылардың сыйымдылығы, Көкарық және Шолақ-Қайыңды елдімекендерінде жаңа білім ошақтарын салу, қаңғыбас иттерді аулау, Шолақ-Қайыңды ауылына көгілдір отын жеткізу, кварц өндіру орнының мәселесі және ауыл ішіндегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелері көтерілді.
Ал Ақыртөбе ауылдық округінің тұрғындарының тарапынан Ақыртөбе елдімекеніне мәдениет үйін және спорттық сауықтыру кешенін салу, таза ауыз су мәселесі, каналдарды тазалап, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу туралы сауалдарын жеткізді.
Әр ауылдық округте өткен халықпен кездесуден кейін аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Бақытжанұлы ауыл азаматтарын жеке сауалдарымен қабылдады.
Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Бақытжанұлы ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген әр мәселе назарға алынып, сәйкесінше алдағы уақытта тұрғындардың талап-тілегі кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жеткізді.