Мойынқұм ауданында мұғалімдер күніне орай аудандық Мәдениет үйінде «Ұстаз- ұлағатты есім» атты тақырып аясында салтанатты мерекелік шара өтті.
Мерекелік жиын еліміздің Әнұранымен ашылып, лед экран арқылы ұстаздарға арналған құттықтау тілектер, бейнебаян топтамасымен көрсетілді.
Жиынға аудан әкімі Әлихан Балқыбеков қатысып, ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, еліміздің ертеңі мен бүгіні, жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында екенін айтты.
— Мемлекет басшысының айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық-техникалық базасын заманауи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді. Оның барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз — деді аудан басшысы.
Сонымен бірге аудан әкімі шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәрбиелеп, жақсы қасиеттерді бойына дарытқан ұстаздарға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше екеніне тоқталды.
Мұнан соң аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлы аудандық білім бөлімінің әдіскері Рыскүл Сәттібекова, М.Жұмабаев мектеп лицейінің директоры Жаңыл Әшірімбетова, «Балдәурен» балабақшасының меңгерушісі Ботагөз Ташмағамбетова, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Шолпан Рахимова, М.Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дана Раметовалар білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен және «Ақбөпе» балабақшасының меңгерушісі Нұрбибі Саурықова, Жамбыл мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жаңагүл Қалымбетова, Мыңарал орта мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Абуова, Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанар Көпбосынова және педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің педагог-психологы Маржан Жылқыбаеваларды Алғыс хатымен марапаттады.
Сонымен ауданның білім саласына қосқан қомақты үлесі үшін аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қарлығаш Қалқабаева, «Өнер және қосымша білім беру» мектебінің үйірме жетекшісі Айша Мумеева, Т.Рысқұлов тірек мектебі директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Алмагүл Қасымбаева, «Балбөбек» балабақшасының педагог-психологы Лаура Исқақова, «Балдәрен» балабақшасының тәрбиешісі Қаракөз Ақбаева, Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектебінің директоры Айткүл Омаровалар марапатталса, №2 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бақыткүл Смағұлова, Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлшариза Смағұлова, С.Сейфуллин атындағы орта мектебі директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Құралай Мырзағалиева, М.Жұмабаев атындағы мектеп лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айнұр Оразымбетова, М.Әуезов атындағы орта мектебінің директоры Гүлнұр Әбіловалар аудан әкімінің «Алғыс хатын» алды. Аудан әкімі Ә.Балқыбеков бірқатар білім саласының ардагерлеріне «Ардагер ұстаз» төсбелгісін табыс етті. Бұл күні ұлағатты ұстаздарға құттықтау тілегені жеткізген аудандық мәслихаттың хатшысы Бақытжан Қалымбетов «Құрметті ұстаз» төсбелгісімен және аудандық мәслихаттың «Құрмет» грамотасымен бірқатар ұстаздар мен білім саласының ардагерлерін марапаттады.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев құттықтау тілегін арнай отыра, білімді ұрпақ тәрбиелеуде тынымсыз еңбек етіп жүрген мұғалімдерге және білім саласының ардагерлеріне білім бөлімінің «Білім саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Құрмет грамоталарын табыс етті. Сондай-ақ облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Салауатты ата-ана мәдениеті» отбаслық марафонына қатысқан Бейсенбаевтар, Мұраталиевтер, Баянқұл, Амангелді отбасыларын облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапаттады.
Білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы төрағасы Бақтияр Махамедов облыстық, аудандық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамоталарымен және білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы бірнеше мұғалімге қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасын табыс етті.
Айта кетейік, Мәдениет үйінің фойесінде мерекеге арнап оқушылардың көздің жауын алар көрмелері жән «Ұстаздар күні құтты болсын!» деген ұранмен оқушылар дәліз жасап ұстаздарын қарсы алды.