«Сізге 1500 роза»: Қызылордалық кәсіпкер анасының 60 жас мерейтойын дүркіретіп өткізді

0 33

Қызылордалық кәсіпкер Әділет Байнашев анасының 60 жас мерейтойын дүркіретіп өткізді. Ол бұл тойға бір жыл бойы дайындалған. Той үстінде кәсіпкер анасына 1500 раушан сыйлап, үлкен қажылыққа жолдама тарту етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кәсіпкер Instagram-дағы парақшасында анасына 1500 раушан тарту еткен сәтінен видео жариялады.

«Аллаға шүкір, құранның түскеніне 1500 жыл — 15 ғасыр, анама -1500 роза», — деп жазды Әділет Байнашев.

Бұл раушандар кейін той қонақтарына үлестірілген.

Сонымен қатар той иесі анасына қажылыққа жолдама сыйлады.

«Анамның 60 жас мерей тойына 1 жыл бойы дайындалдым. Аллаға шүкір, ойымнан да асып кетті. 2 жыл бұрын кіші қажылыққа барып келіп едіңіз, қабыл болсын, енді, үлкен қажылыққа сапарыңыз сәтті болсын! Сіз жанымызда жүрсеңіз бізде бәрі жақсы. Аман жүріңіз. Аман болсақ, 70 жас мерейтойыңызды бұдан да жоғары деңгейде, керемет қылып өткізіп береміз. Сіз бізге дұға жасап жүре беріңіз, біз сізге қызмет жасап жүре берейік. Рақмет анашым», — деп жазды кәсіпкер.

Желі қолданушылары видеоға жарыса пікір жазып қалдыруда.

«Қандай керемет идея, креатив. Тек ананы ғана қуантып қоймай, сол жердегі барлық нәзік жандыға таратып беру деген», «Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз осы жігіттей болсын. Жап жас болып, қарапайымдылығы бар, барша жұлдыз сыйлап келіп отырған қандай адам екені көрініп тұр», — дейді олар.

Айта кетейік, бұл тойда қазақ эстрадасының танымал әншілері Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, Мәдина Сәдуақасова, Ернар Айдар, Нұрболат Абдуллин, Әбдіғаппар Әлқожа бой көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.