Жамбыл облысында жол жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында 148,90 млн. теңге бөлінген

0 36

Жамбыл облысында жол жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында «Жол активтерінің Сапа орталығы» — на  жыл басынан жергілікті бюджеттерден 148,90 млн. теңге бөлініп, келісім-шарт жасалуда. Бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Бүгінде, бірлесіп нысандарға шығу кестесі бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығына автомобиль жолдарын, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу функциялары жүктелген. Одан бөлек, автомобиль жолдарының сапасын, қауіпсіздігін арттыру мақсатында жөндеу жұмыстарын жобаға сәйкес жүргізуді авторлық және техникалық қадағалау қызметтері қатаң бақылауда ұстайды.              Бүгінгі күнге, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында:

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша  жоспарланған 15 жобаның ішінде  5 жоба 2022 жылдан өтпелі болып табылады, 10 жаңа жобалар. Бүгінде өтпелі нысандардың барлығында жұмыстар басталған, 2-уінде аяқталу сатысында. Жаңа жобалардың 4-уінде міне 1-2 күн болды жұмыстар басталды, қалған 6-уында бүгінде мердігерлермен мобилизациялау жұмыстары жүргізілуде.

Ал, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша 17 жоба іске асыру жоспарланған. Оның ішінде: 2 жоба өткен жылдан өтпелі; 15-сі жаңа жобалар. 15 жаңа жобаның /Талас-2, Мойынқұм-1, Рысқұлов-1, Сарысу-1, Меркі-3, Жамбыл-4, Жуалы-1, Байзак-1, Шу-1/  8-де мердігерлер анықталған /Талас-2,                      Мойынқұм-1, Рысқұлов-1, Сарысу-1 және Меркі-3/  қалған 7 жобада мемлекеттік сатып алу рәсімдері /Жамбыл-4, Жуалы-1, /Байзақ-1, Шу-1/ әлі жүргізілуде. /2021 жылдан/ Өтпелі Қордай ауданындағы 2 нысанда және Меркі ауданында жаңа 1 нысанда өндірістік кестеге сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.