Таласта 26 көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды

0 31
Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков «Алтын алқа» және «Күміс алқаға» лайықты 26 көпбалалы ананы қабылдап, арнайы марапаттады.
Сіздер еліміздің демографиясының өсуіне, халық санының көбейуі мен ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып келесіздер. Өз атымнан сіздерге үлкен ризашылығымды білдіремін. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын! Бәріміздің өсіріп отырған ұл-қыздарымыз, тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосатын азамат болсын!» – деді аудан әкімі.
Бүгінгі марапат барысында 6 ана «Алтын алқа», 20 ана «Күміс алқа» иегері атанды.

Айта кетейік, Кемінде бір баланы өз елінің лайықты азаматы етіп тәрбиелеу – әр ата-ананың алдындағы күрделі міндеті. Бірнеше баланы тәрбиелеу туралы айтпаса да түсінікті. Көп балалы аналардың еңбегін бағалау және ерекше атап өту үшін мемлекет оларды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапаттайды.

Ал, «Алтын алқа» алқасымен жеті және одан да көп бала туған (асырап алған) және тәрбиелеген көп балалы аналар марапатталады. Мемлекеттік награда алудың басты шарты жетінші баланың бір жасқа жетуі және барлық балалардың тірі болуы. Әскери немесе азаматтық борышын өтеу кезінде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен балалар ескерiледi.

Сондай ақ, «Күміс алқа» алқасымен алты бала туған (тәрбиелеп өсiрген) аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады. Әскери немесе азаматтық борышын өтеу кезінде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен балалар ескерiледi.

Leave A Reply

Your email address will not be published.