Білім саласын цифрландыру бойынша аймақта бірқатар жобалар жүзіге асырылуда Мәселен облыстағы интернет жылдамдығы 20 Мбит/с-тен жоғары мектептердің үлесі өткен жылмен салыстырғанда 97,3 пайыздан 100 пайызға дейін артқан. Сонымен қатар, республикалық деңгейде жүзеге асырылып жатқан «Starlink» жобасы аясында облыстың 72 мектебінде интернет жылдамдығы 150 Мбит/с-қа дейін жеткізілді. Бұл ауыл-аймақтардағы білім беру мекемелерінің де жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуіне мүмкіндік беріп отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында облыстың 182 мектебінде аппараттық-бағдарламалық кешендер енгізілуде. Бұл кешендерге тегін тамақтануды есепке алу жүйесі (электронды асхана), оқушылардың мектепке кіруі мен шығуын бақылау жүйесі (турникеттер), электронды кітапхана, ата-аналарды уақытылы хабардар ету, ас мәзірін көрсету, сондай-ақ барлық мектептердің деректерін жинақтайтын графикалық интерфейсі бар интерактивті аналитикалық панельдер кіреді. Мұның бәрі мектептердің басқару тиімділігін арттырып қана қоймай, ата-аналармен ашық әрі жедел байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында білім беру саласы қызметкерлерінің алдына адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктегенін айтады.
– Президент әсіресе оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру мен білім беру жүйесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға ерекше назар аударды.
Осы орайда оқыту сапасын арттырудағы ең бірінші өзекті мәселе – оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, білім беру жүйесінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Балаларға жастайынан жасанды интеллект технологиясын оқытқан жөн. Бұл – болашақта жастарымыздың бәсекеге қабілетті озық маман болуына қажетті бірден-бір дағды» – деп, барлығымызға үлкен міндеттерді жүктеді,-дейді Ол.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.