Өңірік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаменті брифинг өткізді. Жиында департаменті басшысының орынбасары — Жамбыл облысы бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Ерлан Қойшыбаев облыстың өткен жылғы экологиялық жағдайы туралы мәлімет берді. Жауапты маманның сөзіне сүйенсек, өңірдегі экологиялық жағдай қалыпты. Облыста 2390 табиғатты пайдаланушы бар. Олардың 270-і І-санаттағылар. Өткен жылы экологиялық сарапшылық кеңес 4 рет отырыс өткізген. Кеңестерде «Казфосфат» компаниясының Минералды тыңайтқыштар зауыты, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешеніндегі «Орталық» кен орны, «Көк-Су» кеніші және «Біріккен өнеркәсіптік алаңы», «ЕвроХим-Тыңайтқыш» компаниясының Аралтөбе және Кесіктөбе кен орындары үшін жобалар қаралды. Нәтиже де бар. Ластану көздерінен ауаға шығарылатын шығарындылар эмиссиясы тапрысырыс берушілердің сұраған көлемінен 7,2 мың тоннаға азайтылды. Табиғатты қорғау шараларына кәсіпорындармен 956,2 млн. теңге жоспарланса, оның 84,2 пайызы игерілді. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржының 95,4 пайызы жұмсалды. Табиғатты пайдалануда салғырттықа жол беретіндер әлі де жетерлік. Былтыр жүргізілген 93 тексерудің нәтижесінде 129 факт анықталды. 122 нұсқама беріліп, 115-і орындалды.19 сот шешімі бойынша 78,2 млн теңге өндірілді. Облыс орталығындағы 317 тұрмыстық қатты қалдықтарды уақытша сақтау алаңдарында пластмасса және пластикалық бұйымдар үшін 347 торлы контейнерлер қойылды. Жарамсыз, құрамында сынабы бар электр шамдары, химиялық қуат көздері мен батареяларды бөлек жинақтауға арналған 30 жабық контейнерлер орнатылыпты. Табиғат пайдаланушылармен 8 рет семинар-кеңес және «Бір көлік және бірнеше экологиялық мәселелер», «Табиғатты аялайық, электрондық қоқыстан арылайық» тақырыбында акциялар өткізілді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.