Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында кешігіп келетін пойыздармен күресуге уәде берді.
— Сіз бұған дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясын басқарып тұрған кезде де пойыздардың кешігуі тыйылған жоқ. Енді Көлік министрі ретінде пойыздардың кешігуін тоқтатамын деп уәде бере аласыз ба, — деп сұрады журналист.
Нұрлан Сауранбаев уәде бергенімен, орындалу ұзаққа созылатынын ескертті.
— Осы мәселемен айналысуға уәде беремін. Бірақ оның шешімі өте ұзаққа кетеді. Ол инфрақұрылым мен инвестицияға байланысты. Өйткені жеке меншік компанияларға жаңа вагон алу үшін үлкен қаражат керек. Олар да осы мәселені шешу керек, — деді министр.
Еске салсақ, осыдан тура бір ай бұрын Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі болып тағайындалған.