Алматы облысында кәсіпкерлікті дамытудың мүмкіндіктері мол.2017 жылы мемлекеттік қолдау көлемі 9,3 млрд. теңгені құрады деп Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы – 2020», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары аясында және «Даму» қоры арқылы 7,9 млрд. теңге қарастырылды. Облыстың барлық аудан орталықтарында «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейтін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылатын болады. Қазір мұндай орталықтар Талдықорған, Текелі қалаларында және Ескелді ауданында бар.
— Елбасының Жолдауын жүзеге асыра отырып, біз биылғы жылы кәсіпкерлік саласында қуаты әртүрлі 100 нысан ашуды көздеп отырмыз. Сөйтіп ШОБ-дан түсетін салық көлемін 45%-ке дейін жеткізбекпіз. Соның нәтижесінде шағын және орта бизнесте 12 мың азамат жұмыспен қамтылатын болады. Бұл өз кезегінде өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың едәуір бөлігін жұмысқа орналастыруға және олардың жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлесін 30-дан 25%-ке төмендетуге жағдай жасайды, — деді А. Баталов.