Астаналық құтқарушылар – өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан чемпионы атанды

0 10

Өскеменде ерлер арасында өрт сөндіру-құтқару спортынан ҚР XXVI қысқы чемпионаты, қыздар арасындағы өрт сөндіру-құтқару спортынан ҚР IV қысқы чемпионаты және жасөспірімдер арасындағы ҚР III қысқы чемпионаты өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа 14 облыстың және Астана, Алматы қалаларының, сондай-ақ Көкшетау техникалық институтының және Тараз мамандандырылған колледжінің өкілдері қатысты.

Екі күндік жарыс қорытындысы бойынша Астана қ. ТЖД әйелдер және ерлер құрама командасы жалпыкомандалық бірінші орынға ие болып, Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды

.

Өрт сөндіру-құтқару спорты – өрт сөндіру тәжірибесінде қолданылатын, әртүрлі тәсілдер кешенін орындаудан тұратын, қызметтік-қолданбалы спорт түрі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.