Астанада тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адамның суреті пайда болды

0 12

ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі Астанада тергеу изоляторынан қашып кеткен Қарағанды облысы тумасының суретін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам әлі іздестіріліп жатыр. «Бүгінде, сағат 10.00-дегі жағдай бойынша, ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр», — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Е.Арғымбаевқа қатысты қандай да бір мәлімет білетіндерден Астана қалалық ІІД-не хабарласуды сұрайды: 8 (71772) 71-60-10, 53-19-64, 8-701-673-62-68. Еске сала кетейік, ер адам тергеу изоляторынан кеше, 25 ақпанда қашып кеткен болатын. Қарағандының 36 жастағы тумасы Е.Қ.Арғымбаев бұған дейін ұрлық пен тонау бойынша сотталған.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.