Алматы облысындағы Тұздыбастау ауылының 1000 тұрғыны эвакуацияланды

0 0

Су басу қаупіне байланысты жергілікті атқарушы органдар Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының 1000 тұрғынын қауіпсіз жерге көшірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 

Жауын-шашын мен қардың еруі салдарынан шамамен сағат 22.00-де 50 текше метр су жиналып қалды. 25 үйдің тұрғыны эвакуацияланды. Жеті автобус жұмылдырылды, Талғарда эвакуациялық пунктер дайын тұр (№ 13 орта мектеп, № 31 орта мектеп, Экономикалық колледж, Медициналық колледж). 28 ақпанда сағат 00.45-те эвакуациялау жұмыстары аяқталды (барлық тұрғын туыстарының үйлеріне орналасты).

Сондай-ақ, 27 ақпанда сағат 13.30-да жауын-шашын мен қар еруінің нәтижесінде бірнеше автожолды су басқаны айтылады (қозғалыс тоқтатылған жоқ): — Жамбыл ауданы, республикалық маңызы бар Алматы — Ташкент тасжолының 134-шақырымы; — Еңбекшіқазақ ауданы, республикалық маңызы бар Алматы — Көкпек — Көктал тасжолының 30-шақырымы; — Талгар ауданы, республикалық маңызы бар Алматы — Талғар тасжолының 64-шақырымы; — Қарасай ауданы, республикалық маңызы бар Алматы — Жандосов жолының 22,25,43-шақырымы. Мұнымен қоса, Алматы және Алматы облысының тұрғындары Желіде төтенше жағдайдың видеоларын жариялап жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.