Жыр алыбы Жамбылға 172 жыл

0 0

Ақпан айы ақындар аламанымен аяқталмақ. Баласағұн концерт залында ертең ақындар айтысы өтеді. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 172 жылдығына және Қазақ телевизиясының 60 жылдық мерейтойына орай  өткізілгелі отырған сөз барымтасында облысымыздың намысын 6 айтыскер қорғайды, деп хабарлады Jambyl.tv 

Қазақтың қара сөзін қазық қылып, асыл сөзін азық қылған Жамбыл облысында 21 айтыскер ақын бар екен. Солардың іріктеуден өткен алтауы дүбірлі додаға қатысатын болды. Сонымен қатар, Республикаға белгілі айтыс ақындары да аламанда бақ сынайды.

Мұхтар НИЯЗОВ – АЙТЫСКЕР АҚЫН

Баспасөз отырысында ауқымы кең ақындар аламанының мақсаты мен шарттары жан-жақты талқыланды. Басты мақсат – ұлтымыздың рухани мұрасына айналған дастандарын өскелең ұрпаққа ұсыну болса, сондай-ақ, айтыскерлер қазақ телевизиясының асқаралы 60 жылдығын тілге тиек етеді. Ал, биылдан бастап, өз заманының Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың туған күнінде ақындар айтысы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын болады.

Дүйсенәлі Бықыбаев – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Баспасөз жиынының соңы ақындардың жеребе тарту рәсімімен аяқталды. Аламанда 8 жұп өнер көрсетеді. Ақындар айтысы 28 ақпан күні, сағат 11:00 де Баласағұн концерт залында өтеді. Келем деушілерге есік ашық

Leave A Reply

Your email address will not be published.