Көктемнің алғашқы күндері бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр жауады

0 0

«Қазгидромет» РМК 1-3 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстанның орталық аймағынан ауысқан циклон солтүстік-шығысқа қарай қатты жылдамдықпен жылжиды. Наурыздың 1-і күні республикадан тыс жерде болады. Бірақ бұл циклонмен байланысты атмосфералық фронттар солтүстік және шығыс аймақтарға қар мен боранды алып келеді. Оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты жауын-шашын және тұман түседі. Қазақстанның барлық аймағында күн салқын болады, суық антициклон Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аймақтарынан циклонның артқы жағына тарайды. Көктемнің келуіне байланысты ауа райы жылдам өзгеріп отырады. Сол себепті антициклон және суық күндер өткінші болмақ», — деп жазылған хабарламада.

Дереккөз: Baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.